jasqazaq.kz

Интернет-алаяқтық: жетісулықтар 516 млн теңгеге алданған

25 қараша 2024, 12:49

Жетісулықтар интернет-алаяқтарға алданып, 516 миллион теңгеден астам шығынға батқан. Polisia.kz хабарлағандай, Жетісу облысында полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы алаңдатарлық деректерді жария етті: биылғы жылдың өзінде интернет-алаяқтардың әрекетінен келген жалпы материалдық шығын 516 миллион теңгеден асып отыр.

Қылмыскерлер азаматтарды алдаудың сан қилы айла-тәсілдерін жетілдіруді жалғастыруда, бұл ретте олардың құрбандарының қатары күн санап көбейіп келеді. Әсіресе шетелден әрекет ететін алаяқтар ерекше қауіп төндіреді, себебі олардың басқа мемлекеттерде орналасуы құқық қорғау органдарының оларды анықтап, жауапқа тартуын күрделендіреді.

Ең көп таралған алаяқтық әдістерінің қатарында жалған интернет-дүкендер, жеңіл табысқа шақыратын ұсыныстар, фишингтік сайттар мен «банк қызметкерлерінің» атын жамылып жасалатын қоңыраулар бар.

Қаскүнемдер психологиялық қысым көрсетіп, шебер манипуляция арқылы азаматтарды жеке деректерін немесе қаражатын өз еркімен беруге мәжбүр етеді. Құқық қорғау органдары тұрғындарға қырағылық танытып, банк карталарының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге, төлем жасамас немесе келісімшарттарға қол қоймас бұрын ақпараттың дұрыстығын мұқият тексеруге кеңес береді.
Сонымен қатар шетелдегі алаяқтық әрекеттерді анықтап, залалсыздандыру мақсатында полиция халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.

JQ-Aqparat

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды