Мәскеуде ІІМБ басшысы жиналыс үстінде майорды қылқындырып, кейін жұмыстан шығарды.
Порталдың хабарлауынша, Мәскеудің солтүстік-шығысындағы ІІМ бөлімінде жиналыс үстінде полицияның екі офицері төбелес шығарған. Mash телеграм-каналында жарияланған видеодан басшының ашуға булығып, майорды сөккенін көруге болады. «Басшы майорға жақын барып, оны итеріп қалды. Осыдан кейін жанжал басталды. Бастығы майорды буындырмақшы болды», — делінген жарияланымда. Телеграм-каналдың мәліметтері бойынша, бұл жайттан кейін майор жұмыстан шығарылған.
tengrinews.kz