Halyk Bank желіде банктің атын пайдаланып «ұтыс ойындарын» .,ұйымдасытырып жүрген алаяқтар туралы ескертті, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Halyk Bank-тің өз клиенттері арасында ақылы сауалнаманы ешқашан жүргізбегені және клиенттер туралы мәліметті бөгде интернет-сайттар арқылы жинамайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, алаяқтарға алданып қалмас үшін қандай сақтық шараларын қолдану керек екенін айтты.
Банк қызметкерлері қазақстандықтарға жеңіл ұтыс туралы хабарландырулар мен «ұтымды» сатып алу туралы күмәнді ұсыныстарға сенбеуге, сонымен қатар өзінің жеке мәліметтерін құпия ұстауға кеңес береді.