Еліміздегі шұжық өнімдерінің 68 пайызынан шошқаның ДНК-сы табылған. Құжат жүзінде онысы көрсетілмесе де, саудаға еркін шығыпты. Тіпті «Халал» деген мөрі басылған өнімдердің өзінен де рұқсат етілмеген заттар анықталып отыр. Сиыр, жылқы етімен бірге шошқа майын бірге тартқан өндірушілер кім? Бұл жөнінде Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Таза сиыр не жылқы етінен дайындалды деген тағам өнімдерінен шошқаның майы да анықталды. Тексеругеалынған 145 сынаманың 40-ы өндірушілердіңөтірігінәшкереқылыпты. Жартысынанастамышетелденәкелінген.
«Отандық өндірушілердің Халал маркасымен таңбаланған шұжық өнімдерінің құрамынан да шошқа ДНК-сы анықталды. Айта кетсек, ол «Казгро» өндірушісінің, «Агропродукт» өндірушісінің, «Тай» өндірушісінің, «Дедов» өндірушісінің, Қарағандының бірінші мясокомбинатының және тағы басқа өндірушілердің өнімдері» — дейлі ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы Дана Қасқатаева.
Таза өнім деп ақша шашып алып жүрген тұтынушылар алданғанын білмейді де. Ал құс етінен кінәрат болмауы тиіс деп амал қылғандар да бармағын тістейтін сияқты. Себебі, олардан да мұсылмандар үшін арам саналатын шошқаның еті араласқаны белгілі болды.
«Бізде зертхана қарастырылмаған дүкенде. Бірақ тауарды қабылдаған кезде бүкіл документтері, сертификаттарымен сәйкес екендігі тексеріліп, ветиринарлық справкалары барлығы түгел болмаса, біз тауарды қабылдамаймыз. Тек қана құжатына қарайсыз ғой? Тек қана құжатын иә» — дейді дүкен басқарушысы Динара Тілемісова.
Әлгі қағаздарда барлығы таза деп көрсетіледі, әрине. Демек, өнімнің еш қоспасы жоқ деген құжатты алу қиын емес сияқты. Мамандар алған өнімге күмән туса, қоғамдық денсаулық сақтау мекемелеріне зерттеу жүргізу үшін өткізуге болатынын айтуда. Бірақ оған тұтынушылардың баратын түрі жоқ.
— Халал аламыз. Сервелат халалды аламыз. Өзіміздің Қазақстандыкі.
— Сіз өзіңіз алған кезде өзіңіз тексеріп көрген жоқсыз ба?
— Жоқ. Бір жерге барып мынаны тексерейікші деп. Уақыт жоқ оған баруға.
Тексеріс нәтижесінде айналымнан 20 мың тонна ет өнімі тәркіленді. Өндірушілерге сомасы 25 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Сондай-ақ өндіріс технологиясын жөнге келтіру жөнінде ұйғарым берілген. Алайда, оны сақтайтынына сенім аз. Сондықтан зерттеу күнделікті жүргізіледі деп сендіруде мамандар. Қазір де зертханаларда өнімдердің кезекті партиялары тексеріліп жатыр.