jasqazaq.kz

Ғылыми атағы бар, бірақ ғылымға еш қатысы жоқ ғалымдар да бар

12 сәуiр 2023, 16:25

Күрішті күрмектен айыра білуіміз керек, ғылымда кездсейсоқ жүргендерден гөрі, нағыз ғалымдарға бөлінетін қаржыны ұлғайтқанымыз жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында осылай деді.

«Ғалымдардың мәртебесін дәйекті түрде көтеріп, оларды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету шараларын күшейтуіміз қажет. Осы мәселеге байланысты академиктердің пікірімен келісемін. Ол үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі мен атағына қарай төленетін үстемеақыны 1,5 есе арттыру қажет.
Сонымен қатар күрішті күрмектен айыра білуіміз керек. Көмекке, әсіресе материалдық тұрғыда қолдауға лайық нағыз ғалымдар жеткілікті. Сондай-ақ ғылыми атағы бар, бірақ ғылымға еш қатысы жоқ ғалымдар да бар. Олар туралы кейінірек айтамын. Олар бұл атаққа тек әкімшілік, саяси қызметінің арқасында қол жеткізген. Сондықтан оларды шын ғалымдармен шатастырмайық. Ғылымда кездсейсоқ жүргендерден гөрі, нағыз ғалымдарға бөлінетін қаржыны ұлғайтқанымыз жөн», — деді Президент.

JQ-Aqparat

27 мамыр, 15:51
Түркістанда балаларға арналған ерекше фестиваль өтті
27 мамыр, 15:15
Түркістан: Масылдыққа жол бермеу үшін жұмыс орындары көптеп ашылады
26 мамыр, 18:36
Түркістан қаласында биыл үш мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі
26 мамыр, 15:51
Түркістан: Ынтымақтастық рухын асқақтатқан игі істер
26 мамыр, 15:01
Түркістанның Орталық Азияда логистикалық торап ретінде қалыптасуға әлеуеті зор
26 мамыр, 14:40
Түркістандағы конференция мектеп психологтарына бағыт-бағдар нұсқады
26 мамыр, 14:20
Түркістанда ерекше азаматтардың өмірі қалай өзгере бастады?
26 мамыр, 14:18
Түркістан қаласындағы мектептерде Яссауи ілімін оқыту шәкіртті рухани құндылыққа жетелейді
26 мамыр, 12:01
Түркістан: өңірде жаңа зауыт пен кәсіпорындар салынады