jasqazaq.kz

Ғылымды дамытуға материалдық-техникалық база маңызды

13 сәуiр 2023, 15:26

Алматыдағы техникалық мамандықты даярлайтын бірден-бір оқу орны – Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті. Ал осы білім ордасында отандық ғылыми жетістіктерді ілгерілету, жас ғалымдар мен зерттеушілерді қолдау бағытында қандай жұмыстар жүзеге асып жатыр? Университеттің кадр дайындауда материалдық-техникалық базасы қандай? Осы және өзге де сауалдарға ҚазҰТЗУ профессоры, техника ғылымдарының докторы Дәулетхан Смағұлов жауап берді.

— Дәулетхан аға, ширек ғасырға жуық техникалық маман дайындау саласында жұмыс істеп келесіз. Университет тарапынан жас ғалымдардың дамуына, жобаларын іске асыруға қандай жағдай жасалған?

— Техникалық мамандық болғандықтан, бізде ең алдымен ғылыми-техникалық база қалыптасқан. Ал техникалық базаның болуы жас мамандар үшін маңызды. Олар теориямен қатар практиканы да бірге ұштастырады. Арнайы зертханаларымыз да бар. Университеттің бұрыннан бері қалыптасып келе жатқан әдістемесі бойынша студенттерге дәріс оқылады. Еліміздегі металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу және өндіру салалары бойынша инженер мамандығын дайындаймыз. Осы салалардың барлығы бойынша бізде материалдық-техникалық база жабдықталған. Осы мамандарды дайындайтын қажетті техникалық білім мамандары мен ғалымдар, оқытушылар баршылық. Мен студенттерге материалтану және жаңа материалтану технологиясы пәнінен сабақ беремін. Бұл сала металлургия мен машина жасау, приборлар жасау сынды ғылымдардың ортасындағы мамандық. Осы салада 52 жыл еңбек етіп келемін.

Инновацияларды толық іске асыру үшін қажетті жағдай жасау жолында университет салалық ғылыми-білім беретін бағыттар бойынша ғылымды дамыту жөніндегі дүниежүзілік және отандық трендтерге талдау жасап, мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ студенттер мен университет қызметкерлерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу үшін ыңғайлы шарттар жасап, тиімді орта қалыптастырады. Жас ғалымдар мемлекет тарапынан бөлінетін гранттарға да қатыса алады. Ең алдымен университет базасында ғылыми жобасын жетілдіріп, оны аяқтағаннан кейін стартап жобаларға қатысуға мүмкіндік алады.

— Қазіргі жастардың ғылымға қызығушылығы бар ма? Олардың барлығы ғылыммен айналыса ма әлде басқа салаға кетеді ме?

— Қазір жастардың ынтасы жоғары. Барлығы болмаса да, арнайы ғылымның соңынан еретін жастар бар. Мемлекеттің алға қойып отырған мәселесінің бірі — ауыр техниканы дамыту. Бұл саланы дамытпай, басқа салаларды дамыта алмаймыз. Ең бастысы, ауыл шаруашылығын дамыту басты назарда. Ол үшін техниканы дамыту керек. Біздің университетті бітірген жастар доктор және магистр ғылыми дәрежесін алғаннан кейін педагогикалық зерттеу институттарында, техникалық жоғары оқу орындарында жұмыс істейді. Алды шетелде тәжірибеден өтіп жатыр. Бүгінде 4 докторантымыз шетелде білім алуда. Металлургия мен машина жасау саласында білікті мамандар жұмысқа кірісіп қазіргі таңда олар да шәкірт тәрбиелеп жатыр. Студенттер ынтымақтастық туралы келісімшарттары бар өндірістік компанияларда өндірістік тәжірибеден өтеді. Университет өндіріспен тығыз байланыста. Бұл студенттерге болашақ жұмыс орнында қажетті дағдыларды үйретіп қана қоймай, өндірістің өзекті мәселелерін шешетін қосарлы білім беру мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

— Білім алған мамандардың шетелде тәжірибесін шыңдап жатқанын айттыңыз. Университет қай елдердің озық оқу орындарымен тығыз байланысты?

— Біздің оқу орнымыз «Колорадо тау-кен мектебімен» (АҚШ), Адам Мицкевич атындағы университетімен (Познань, Польша), Силезия технологиялық университетімен (Гливица, Польша), Томск политехникалық университетімен (Томск, Ресей), Авейро университетімен (Авейро, Португалия), Вустер политехникалық университетімен (АҚШ), «НИТУ МИСиС» Мәскеу болат және қорытпалар институтымен, Сүлейман Демирель университетімен (Түркия), Вейцман атындағы ғылыми институтымен (Израиль), Орал федералдық университетімен (Екатеринбург, Ресей), РҒА Орал бөлімшесінің металлургия институтымен (РФ), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу жұқа химиялық технологиялар институтымен (Ресей) тығыз байланыста. Ынтымақтастық шеңберінде халықаралық тағылымдама, отандық және шетелдік ғалымдардың бірлескен ғылыми-техникалық әдістемелер жүргізіледі. Бұл тау-кен металлургия кешенінің нақты нарықтық сұраныстарына сәйкес келетін жаңа ғылыми бағыттарды қалыптастыруға көмектеседі.

Мақпал Ноғайбаева
Алматы қаласы

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата