Қарақат Әбілдина әр туған күн иесіне ерекше сыйлық жасағанды ұнатады. Мәселен, былтырғы жылы әнші Ерке Есмаханға бағалы тастармен көмкерілген тәжді сыйға тартқан болатын. Мұнымен қоймай, әнші Еркенің туған күніне арнап өз үйінде дастархан жайды.
Бұл жолы Әбілдина өнердегі құрбысы Гүлнұр Оразымбетованы қуантты. Stan.kz һхабарлағандай, Қарақат өнердегі құрбысына арнайы Лондоннан алдырылған брендтік көйлекті сыйға тартты.
“Саған мынадай керемет сыйлығым бар, саған ұнайды деп ойлаймын. Мынадай көйлек, ол тек Гүлнұрдың үстінде әдемі тұрады. Мінеки, Лондон – Tatamaka. Сенің бойыңа, сенің үстіңде зың болады. Осы көйлекпен ән айтып тұрғаныңды елестетіп тұрмын”, – деп құттықтады Әбілдина.
Ал мұндай сыйды күтпеген Оразымбетова қуанышын жасыра алмады.“Уау. Супер болады Қарақат. Рахмет, Қақат”, – деді ол. Алайда желі қолданушылары туған күнге берген сыйлығына дейін көрсетіп мақтанған әншіні сынға алды.