jasqazaq.kz

Гватемалада жанартау атқылауынан 60-тан астам адам көз жұмды

05 маусым 2018, 12:54

Гватемалада Фуэго жанартауы атқылағанда қаза тапқан адамдардың саны 60-тан асты. Осыған орай елде үш күн қаралы деп жарияланды. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлады.

Билік құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Бұған қоса, үйінді астынан 10 шақты адам тірі табылған. Жалпы, Фуэго 2 миллионнан астам адамға әсер етіп отыр. Гватемалада «Отты тау» деп аталатын вулкан жексенбіде оянды. Одан шыққан шоқ 10 шақырым биіктікке көтеріліп, лава тау бөктерімен ағып, жолында кездескеннің бәрін күлге айналдырған. Су және қоқыспен араласқан күл жолдарды жауып, апатты аймақтарға құтқарушылардың жетуін қиындатты. Дүйсенбінің кешіне қарай жанартау белсенділігі төмендеп, сейсмологтар оның қалыпты жағдайға көшкенін хабарлап отыр.

 

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр