jasqazaq.kz

Грузиядағы арқанжолдан шыққан апаттың себебі анықталды (видео)

23 наурыз 2018, 17:43

Грузияның Гудаури таушаңғы курортында туристер зардап шеккен ірі апатқа арқанжол операторының қате әрекеті себеп болған, — деп хабарлайды РИА Новости елдің вице-премьері Дмитрий Кумсишвилиге сілтеме жасап.

«Электр қысымы болғанын анықтадық, одан арқанжол қозғалысы тоқтап қалған. Алайда арқанжол тоқтағанда оператор дизель генераторына қосып, туристерді түсіруі қажет еді. Оператор қателесті, бұл адам факторы», — деп келтіреді басылым Кумсишвилидің сөзін. Министрдің айтуынша, оператор жұмыстан шеттетілген. Әзірге ІІМ-нің оған қандай да бір айып таққан-тақпағаны белгісіз. Еске салайық, 16 наурызда Гудаури таушаңғы курортында апат болған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 адам зардап шеккен, олардың ішінде украиналықтар, ресейліктер, грузиялықтар және швециялық жүкті әйелі бар. Олар ауруханаға жеткізілген.

tengrinews.kz

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен