jasqazaq.kz

Головкиннің жекпе-жегін Qazaqstan телеарнасы көрсететін болды

05 мамыр 2018, 15:12

6 мамыр күні өтетін Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегін қазақстандықтар «Qazaqstan» телеарнасынан тамашалай алады. Бұл туралы «Қазақстан» ТРК басқармасының төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Генадий Головкиннің жекпе-жегін трансляциялау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді! Біздің жанкүйерлер ертең, 6 мамыр күні, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан Головкиннің жекпе-жегін көре алады. Жекпе-жектің басталуы сағат 07:00-де. Ал, жекпе-жектің алдында сағат 06:30-да студияға Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев келіп, комментаторлармен бірге алдыңғы жекпе-жек туралы ойларымен бөлісіп және алдағы жекпе-жекке байланысты болжам жасайтын болады. Ал, трансляциядан кейін, Головкиннің жекпе-жегі туралы сараптамалық бағдарлама шығатын болады», — деп жазды Ерлан Қарин. Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық былғары қолғап шебері Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) жекпе-жегі Америка уақыты бойынша 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді. 1XBET букмекерік кеңсесі бұл жекпе-жекке мынандай коэффициенттер беріп отыр: Головкиннің жеңісіне — 1.03, Мартиросянның жеңісіне — 20, тең түсуіне — 59.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен