jasqazaq.kz

Головкин Сочидегі мүмкіндігі шектеулі балалар орталығына барды

04 ақпан 2018, 13:50

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Сочидегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығына барды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Порталдың хабарлауынша, бұл орталыққа Головкинмен бірге халықаралық бокс федерациясының (IBF) басшысы Дэрил Пиплс, бокс жұлдыздары Роберто Дюран мен Валерий Абаджян да барған. Айта кетейік, қазір Головкин Сочи қаласында Халықаралық бокс форумына қатысып жатыр. Форум 1-4 ақпан аралығында өтеді. Бұл жиында бірінші рет кәсіпқой бокстағы ең беделді WBA, WBC, WBO және IBF ұйымдарының басшылары жиналады. Сонымен қатар, бұл отырысқа Халықаралық әуесқойлар бокс қауымдастығы (AIBA) мүшелері қатысады. Головкин кәсіпқой бокстың атынан сөз сөйлейді. Одан бөлек бұл жиынға Бақтияр Артаев және Бақыт Сәрсекбаев секілді Олимпиадада топ жарған қазақ боксшылары шақырту алыпты.  Бұған дейін Головкиннің есімі Ресейдегі бокстың құрмет залына қосылатынын хабарлаған болатынмыз. Бұл жаңалық та форум кезінде анықталды.

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады