Белгілі бокс шолушысы Джефф Араноу Boxingnews24.com-ға дайындаған материалында қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Билли Джо Сондерс арасында орта салмақтағы әлемнің абсолюттік чемпионы атағы үшін өтуі мүмкін жекпе-жектің болжалды датасын айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM».
«Канело» мен Головкиннің жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында болды. Онда Альвареске көбірек қолдау көрсетілді. «Канелоның» сүйікті қаласында адамдар төрешілерге әсер етті. Егер келесі айқас та сонда өтетін болса, Сондерстің осы қаладағы төрешілік жайындағы теориясы дұрыс па деген сұрақ Геннадийдің де басын қатыруы мүмкін», — деп жазады Джефф Араноу. Оның айтуынша, егер GGG «Канелоны» жеңсе, Сондерс қазақстандықпен жұдырық түйістіру мүмкіндігіне 2019 жылы ғана қол жеткізуі мүмкін. «Golden Boy Promotions бас директоры Оскар де ла Хойя 5 мамыр күні кім жеңетініне байланысты үшінші жекпе-жек те болуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан да Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс биыл кездесе алады деп ойламаймын», — деді Джефф Араноу.