jasqazaq.kz

Головкин мен Альварестің реваншы қай уақытта өтеді

30 қантар 2018, 12:48


2018 жылдың 5 мамырында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) қатысуымен өтетін бокс кешінің нешеде басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды vesti.kz.

BoxingScene.com порталының мәліметі бойынша, бұл бокс кешіндегі НВО арнасы тікелей эфирде көрсететін кездесулер Солтүстік Америка уақыты бойынша 20:00-де басталады. Ал Астана уақыты бойынша 6 мамыр таңғы 07:00-де көрсетіледі.

Жекпе-жектің өтетін жері әлі белгісіз. Кездесуді қабылдауға Лас-Вегас (T-Mobile Arena) және Нью-Йорк (Madison Square Garden) басты үміткер. Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, бұл сұрақ алдағы екі-үш аптада шешіледі.

Алдағы кездесуде Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеулерін ортаға тастаса, Альварес The Ring журналының чемпиондық белбеуін ортаға қояды.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы барлық чемпиондық атақтарын сақтап қалды.

 

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті