jasqazaq.kz

Гигиена жоқ еді: Айнұр Тұрсынбаева бір сағызды қыздар мен ұлдар болып кезектесіп шайнағанын айтты

09 желтоқсан 2024, 12:25

instagram.com/aidyn_nury/

Белгілі блогер, коуч Айнұр Тұрсынбаева балалық шағын еске алып, қазіргі балалардың денсаулығына байланысты сөз қозғады.

«Біздің бала кезімізде қазіргідей вирус жок па еді, жоқ біздің имунитетіміз сұмдық болған ба?! Мысалы мен бала кезімде өмірі ауырмағанмын.. Тіпті жөтелмегенмін. Мектептен қарнымыз ашып шығады, үйге жеткенше опырып қар жеп қайтамыз. Бізде сонда ангина неге болмаған,а? Қазіргі балдарға мамалары балмұздақты ерітіп, жылытып беріп жатқанын көргенде өзімнің бала кезімді аяп кетем ше.. Мектептен қайтып келе жатып сырғанаймыз, аяздан мұрнымыздың іші сықырлап қатып қалатын. Пимамыз тесіліп, аяқ шылқыған су боп кетеді. Дала қақаған аяз. Сонда неге бір адам «мына бала суық тиіп ауыратын болды» деп уайымдамаған деймін де… Қазір форточка сықыр етіп ашыла бастаса «ойбай, балаға суық тиеді» жан жақтан бақырып жатады», — деді А.Тұрсынбаева.

Ол сондай-ақ бала кезінде бір сағызды қыздар мен ұлдар болып кезектесіп шайнағанын айтты.

«Бір әңгіме айтайын.. «Фууу» деп жиіркенуім жоғынан! Біздің Көкжырада тәтті тапшы болатын. Әсіресе сағыз.. Бәріміз смола шайнайтынбыз.. Біз не көрмедік деп бір жылап алсаң. Қаладан біреулер келе қалса тәтті сағыз әкеледі. Жарымағандай 1-2 штук әкеледі ғой тағы. Қолыңа тиетіні жалғыз сағыз. Оны ауладағы бүкіл қыз кезектесіп 5 минуттан шайнаймыз. Кей кезде ұлдар да сұрап шайнап тұратын.. Әйтеуір әбден іріп кеткенше шайнамайтын адам жоқ еді ғой. Сонда бір вирус жұғады, гигиена деген нәрсе атымен жоқ еді ғой.. Қазір ше?! Қазіргі балдардың қасына маскасыз жолап кетсең бітті ғой, ертесіне температурасы қайнап жатады», — деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

JQ-Aqparat

 

 

 

Бүгін, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
Бүгін, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
Бүгін, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған