Геннадий Шиповских: Интернет сапасы нашар болса, компаниялар айыппұл төлесін

04 мамыр 2023, 13:05

Сенат депутаты Геннадий Шиповских еліміздегі сапасыз интернет мәселесі туралы айтты. «Стримге шыққанымда интернет сапасы нашарлап кетеді. Болашақта киберспортты дамытамыз деп отырмыз. Бізде мықты IT, креативті индустрияны дамытатын мамандар бар. Алайда интернетіміздің сапасы өте төмен болса, IT саланы қалай дамытамыз?! Тіпті мысалы, кешке қарай кино көргің келгенде өте нашар жүктеледі, — деді сенатор.

Шиповских интернетті дамытуға арналған бағдарламалар не себепті нәтижесін бермей отырғанын айтты. «Мәселені шешер кезде 2023 жылға дейін дейміз, ол жақындағанда 2025 жыл дейміз, кейін 2027 дейміз… Осылай кете береді. Ол туралы Мәжілісте де көтерген едім. Министрлер сынның астында да қалған. Бұл жерде радикалды түрде шешім қабылдау қажет. Мысалы, интернет тартқан кезде сапасы төмен болса, онда ол компанияларға қомақты айыппұл салу қажет. Себебі интернетке айына 6 000 -7 000 теңге төлейміз. Бірақ кешке қарай интернет сапасы нашарлап кетеді, — дейді Геннадий Шиповских Сенаттың кулуарында.

Депутаттың айтуынша, интернет мәселесі ауыл аймақтарда да өткір. Осы орайда ол сапасыз қызмет көрсеткен компанияларға айыппұл салудан басқа жол жоқ екенін жеткізді. «Егер сондай шараларды қолданбасақ, мәселе ушығып кетуі мүмкін. Оны қолдану үшін заңға да жүгінудің қажеті жоқ. Себебі жауапты министрлік бар. Ол өзінің қаулылары аясында да қабылдай алады, яғни операторлардың жұмысына халық қанағаттанбаса, оған ешқандай кедергі жоқ. Өкімімен арнайы шешім шығара алады. Ал егер Парламентте заңды қабылдау қажеттілігі туындап жатса, әрине, оны қабылдауға дайынбыз. Тұтынушының көңілінен шықпаса, онда сол компания тиісті айыппұлын төлеуі керек», — дейді Г.Шиповских.

JQ-Aqparat

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл