20 мамыр күні Нью-Йорктің орыстілді ауданы Брайтон Бичте екінші рет гей-парад болып өтті. Оны Facebook парақшасындағы «Радужная Америка» тобының қолдауымен «RusaLgbt» ұйымдастырған деп хабарлайды NUR.KZ.
Гей-парадқа ТМД елдерінен барлығы 200-ге тарта адам қатысқан. Әсіресе назарға іліккен Украина, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің туы болды. Олар гомофобияға қарсылық пен толеранттықты насихаттаған.
Жергілікті халық (өткен жылмен салыстырғанда) шеруді байсалды қабылдап, кей бірі тіпті ашық түрде ризашылығын білдірген. Олар қол шапалақтап, парадшылармен қосыла би билепті.