Еліміздің түкпір-түкпірін аралап, ауыл-аймақтарға жанды дауыста концерт беріп жүрген отандық әнші Ғаділбек Жаңай 2 мамыр күні Шәуілдірде небәрі 40 адамға арнап ән салған.
Nur.kz хабарлағандай, бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. «Шәуілдірде 40 адамға концерт бердік. Көш жүре түзеледі деген бар ғой, Ағайын! Келген әрбіріңізге үлкен рахмет! Қысқасы, өзіміз отырып шәй іштік», — деп жазады Ғаділбек.Желі қолданушылары болса оның қарапайымдылығы мен ақкөңілдігіне риза болып, жағымды пікірлерін аямай жазды.
«Қарапайымдылық бойында бар, керемет дауыс, таланты бар, Осындай Гадөш! Тек қана біздің қазақта бар. Сендермен мақтанамыз», «Әнші болса сіздей болсын, құрметке лайықтысыз», «Шәуілдір естімеген шығар дұрыстап келетініңізді. Өнерде биікке самғай беріңіз», — деп жазды Ғаділбектің оқырмандары.
Дегенмен, олардың арасында «ұят болған екен», «дұрыстап жарнамалау керек еді» деген сыни пікір қалдырғандар да табылып жатты.