jasqazaq.kz

Г.Қарағұсова: Жалақының өскені туралы айтқанда, көлгірсудің қажеті жоқ

11 сәуiр 2018, 10:57

Парламент мәжілісінің депутаттары «2018-2020 жылдардағы республикалық бюджет» туралы түзетулер жобасын талқылау барысында мұғалімдердің жалақысын көтеру мәселесін қозғады.
Nur.kz хабарлағандай, Мәжілісте таратылған материалдарға сүйенсек, бюджетте қарастырылғандай, жаңартылған мазмұндағы бағдарламалар бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы 30%-ға дейін арттырылмақ.
Биыл қаңтар айынан бастап қосымша ақы бірінші, екінші, бесінші және жетінші сынып мұғалімдеріне төленеді. Ал қыркүйектен бастап – үшінші, алтыншы және сегізінші сыныптар мұғалімдеріне. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап – төртінші, тоғызыншы, оныншы сыныптар үшін, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап – 11 сыныптар үшін.
Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, мұғалімдер қауымдастығы бұл шаралармен келіскен.
«Олар сіздермен қалайша келіспесін? Бұл мұғалімдер қауымдастығы ғой», — деп жауап берді Қазбекова.
Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова да әріптесін қолдады.
«Мұны 2004 жылдан бері айтып келемін. Жалақының өскені туралы айтқанда, көлгірсудің қажеті жоқ, біз жалақының бір бөлігі болып табылатын базалық қызметақының өскенін ғана айтамыз. Яғни 29% — бұл жалақының емес, қызметақының өсімі. Жалақы құрылымында бұл 29% жоқ. Президенттің айтқанын, қалай болса, солай орындаймыз», — деді Қарағұсова.
Бұрын Қарағұсова мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру туралы мәселені қозғаған еді.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды