jasqazaq.kz

Футболдан ұлттық құрамаға бас бапкер тағайындалды

01 наурыз 2018, 16:13

51 жастағы болгар маманы Станимир Стойлов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері боп тағайындалды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен федерацияның жиынында мәлім болды.

Еске салайық, бұрынғы бапкер Александр Бородюк 22 қаңтарда отставкаға кеткеннен кейін Ұлттық құрама бапкерсіз қалған болатын. Ресей маманы Қазақстан футболшыларын 1 жылға жуық уақыт жаттықтырды. Осы аралықта команда 7 матч өткізіп, оның алтауында жеңіліп қалған. Қалған бір ойынды тең өткізді.

Ал, Станимир Стойлов болса 2014 жылдың маусым айынан бері «Астана» футбол клубын жаттықтырып келеді. 8 қаңтар күні ол осы клубпен келісімшартын создырған еді.

Стойловпен бірге «астаналық» футболшылар Қазақстан чемпионатын 4 рет жеңіп алды. Сондай-ақ, 2015 жылы қазақ футболының тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Келер жылы осы жетістігін қайталаған жерлестеріміз артынша Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетіп, 1/16 финалында жеңілді.

sn.kz

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді