Кениялық төреші Эйден Рэндж Марва пара ретінде 600 доллар алып жатқаны жайлы видеожазба пайда болғаннан кейін футболдан әлем чемпионатына қызмет етуден бас тартты, деп хабарлайды Associated Press.
Оның қолма қол ақша алып жатқан видео журналист Анас Аремеяау Анастың африкалық футболдағы сыбайлас жемқорлық жайлы деректі фильмінің бір бөлігіне айналды. Агенттіктің хабарлауынша, Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) видеоға түсіп қалған Марваның және өзге де тұлғалардың ісі бойынша өздеріндегі деректерді құзіретті органдарға берген. Марва 2008 жылдан бері халықаралық матчтарға қызмет етеді, ол 2017 жылы Ресейде өткен Конфедерация Кубогында төреші болған.