jasqazaq.kz

Евгений Тищенко: Левит Риодағы ең мықты қарсыласым болды

19 қыркүйек 2016, 9:48

Ресей спортшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Евгений Тищенко Риодағы жарыс кезінде қазақстандық Василий Левит турнирдің ең мықты оппоненті болғанын мойындады.

Бұл туралы боксшы «Комсомольская правда» газетінің сұрақтарына жауап берген кезде айтты.

«Шиеленіс жағынан және қарсыластың деңгейі бойынша ең ауыры финал болды. Василий Левит менің оппоненттерімнің арасында ең мықтысы болды», — деді Тищенко.

Ол сондай-ақ, боксшыларды марапаттау рәсімінде қазылар алқасының шешіміне келіспеген халықты тыныштандыруға тырысқан Василий Левитке құрметпен қарағанын айтты. Еске сала кетейік, ақтық сайыста қазылар алқасының шешімімен қазақстандық боксшы В.Левит қарсыласы ресейлік Е.Тищенкодан жеңіліп, «күміске» лайық деп танылды.

«Нәтиже шыққан бойда зал маған қарсы болды. Жекпе-жек барысында Василийдің қолдаушылары көптігін сезіндім. Кейін жеңіс қолымда екенін түсініп, оған мән бермеуге тырыстым. Маған марапаттау кезінде және одан кейінгі баспасөз мәслихатында өз-өзімді лайықты ұстау ғана қалды. Василий құрметке лайық», — деді Тищенко.

ҚазАқпарат

25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова