jasqazaq.kz

Этнограф-ғалым: Беташардағы ерекшелік «таяқ ұстаудан» көрінеді

13 қантар 2023, 13:06


Әр өңірдің салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді үнемі жариялап отыратын этнограф-ғалым Тәттігүл Қартаева бұл жолы Сыр өңіріндегі беташар туралы жазба жариялады деп хабарлайды JQ-Aqparat.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Сыр өңіріндегі беташардың ерекшеліктеріне тоқталды.

«Сыр-Аралдағы беташардағы ішкі аймақтық ерекшелік «таяқ ұстаудан» көрінеді. Сыр-Аралдың батыс жағында келіншек басына жабатын жаулықты жалғайтын жаулық, мата ұшын «қамшы», Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария жағында «тал шыбық», «қамыс», Сыр өңірінің шығысы Шиелі, Жаңақорған жағында «оқтауға» жалғап байлайды. Осылардың қайсысы болса да, шартты атауы – «таяқ»! Таяқ ұстау мәртебесі бойдақ жігітке бұйырады. Беташар соңында «қамшы, тал шыбық, қамысты» келіншегің жұмсақ болып, бізге иіліп тұрсын деп үйленген жігітке ұстатса, оқтауды қолданатын аудандар ас-суға иелік ет деп келінге табыстайды. Суретте таяқ қызметін атқарған «қамыс қурайы», -деді белгілі этнограф.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен