jasqazaq.kz

Есірткі қойып кетушілердің жолы кесілді (Видео)

19 қыркүйек 2023, 10:31

Шымкентте полицейлерден қашпақ болған есірткі қойып кетушілер көлігімен қоршауға соғылды. Қайтпас-1 ықшам ауданы тұрғындарының есірткі қойып кетушілер көбейіп бара жатқаны туралы өтініші бойынша ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, арнайы рейдтер жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Жұмыс барысында Volkswagen Polo мінген екі жас жігіт полицейлердің күдігіне ілікті. Тәртіп сақшыларын байқаған жігіттер артқа шегініп қашуға әрекеттеніп, құрылысы аяқталмаған үйдің ауласына кіріп кеткен. Полиция қызметкерлері жолды жауып тастаса да, көлік қозғалысын тоқтатпай, жеке учаскені қоршап тұрған қоршауға соғылған. Тергеушілер көліктің ішін тексеру кезінде құрамында ақ ұнтақ тәрізді заттары бар 30-ға жуық орама тапты. Сараптама қорытындысы оның салмағы 30 граммға жуық синтетикалық мефедрон есірткісі екенін көрсетті. Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдіктілер полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі қойып кетушілер көлікті өздерінің “жұмысы” үшін жалға алғаны анықталды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін оларды 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

JQ-Aqparat

13 маусым, 13:49
Түркістан: Инклюзивті қоғам құру бағытында
13 маусым, 11:59
«KitapХАН». Түркістандағы өрендерді рухани құндылыққа баулитын жоба
12 маусым, 14:57
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
12 маусым, 14:46
Түркістан: Арыста биыл 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
12 маусым, 14:04
Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөздер жүргізілді
11 маусым, 12:59
Түркістан: Әлеуметтік дамудағы қарышты қадамдар
11 маусым, 12:57
Түркістан: Отырар мен Созақ аудандарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды
10 маусым, 18:22
Айдын Сайлаубай: «Жайлы мектеп» – баланың болашағына салынған инвестиция
10 маусым, 14:57
Түркістан: Экономиканың дамуына серпін беретін туризмді дамыту – басты назарда