jasqazaq.kz

Есімов «Самұрық-Қазына» басшылығын неге жазалады?

04 мамыр 2018, 17:33

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қордың қоржындық компанияларының басшыларымен кеңес өткізді. Жиын барысында бірқатар компаниялардың қызметі, қаржылық жағдайы және даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Бұл туралы аталған компанияның қоғаммен байланыс департаменті хабарлады.

Ахметжан Есімов Қанат Құдайбергеновті «Тау-кен-Самұрық» АҚ-ның Басқарма төрағасы ретінде таныстырды. Қанат Құдайбергенов 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Қаратау» ЖШС және «Қазатомпром» ҰАК»АҚ Бас директоры қызметінде жұмыс істеді, сондай-ақ, 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Тау-кен-Самұрық» АҚ-ның Басқарма төрағасы міндетін атқарды. Сонымен қатар, Қ.Құдайбергеновке «Тау-кен-Самұрық» АҚ-ның ұйымдық құрылымын реттеу тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтың келісім-шарт мерзімі аяқталды және одан әрі ұзартылмады.

А.Есімов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қ. Мақсұтовты қызметінен босатуды, сонымен бірге «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы А. Сатқалиевке сөгіс жариялауды және жылдық бонустарын алып тастауды бұйырды.

Кеңес барысында А.Есімов «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А. Ботабековке тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қор басшысы IPO сәтті шығу үшін жолаушылар айналымы, кіріс және таза табыс бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді, қоржындық компанияларда трансформациялау бағдарламасы бойынша жол карталарын бекітуді тапсырды .

Сонымен қатар жиында Қор тобындағы компаниялар қызметі бойынша басқа мәселелер қарастырылды.

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен