Ертең және арғы күні сайлау үгіт-насихатына тыйым салынады (Видео)

17 наурыз 2023, 20:47

Плакат жыртып және азаматтарды таксимен тегін тасыған. Бас прокуратура үгіт-насихат кезінде кандидаттардың қандай заңбұзушылыққа барғанын айтты. Бір айға созылған науқанда үміткерлер бас-аяғы 23 мәрте заң талаптарын елемей, білгенін істепті. Тағы кім қандай заңсыздыққа барған? Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ертеңгі тыныштық күнін заң өкілдері қалай бақылайды? Бір айға созылған үгіт-насихат науқаны бүгін сағат тілі 12-ні соққанда сап тыйылады. Ертең және сайлау өтетін күні үгіттің кез келген түріне тыйым салынған. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы үгіт-насихат аралығын қорытындылап, Бас прокуратура тыныштық күнінің талаптарын Мәжіліс және мәслихат депутаттарының қаперіне салды.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

— Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні, 19 наурызда кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады. 14 наурыздан ақпарат беттерінде сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді.

Заң өкілдері сауалнамаларға қатысты бірқатар талаптың барын айтты. Сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте жүргізуге болмайды. Оларды, тіркелген және Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен нысандардың шыға берісінде ғана жүргізуге рұқсат.

Прокуратура өкілі, сондай-ақ үгіт науқаны барысында «Сайлау туралы» заң талаптары 23 рет бұзылғанын атап өтті. Мәселен, Алматыда кандидаттардың бірі азаматтарға тегін такси қызметін көрсеткен.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

— Үгіт жүргізу кезінде Қарағанды қаласының екі тұрғыны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 114 бабы бойынша үгіт материалдарын жұлып, бүлдіргені үшін жауапқа тартылды. Астана және Алматы қаласында қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізумен байланысты болды.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардың арасында да сотқа арызданғандары бар. Бас-аяғы 166 талап-шағым келіп түскен. Оның 55-і Жоғарғы соттың қарауына жіберіліпті.

Асылбек Смағұлов, ОСК мүшесі:

— Қазір соттардың қарауында Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардан екі талап-арыз жатыр. Сондай-ақ округтік комиссиялардың шешімімен Мәжіліс депутаттығына 6 кандидаттың құқығы қалпына келтірілді. Сотқа түскен 166 талап-арыздың ең көбі кандидаттар ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларациялардағы мәліметтердің дұрыс болмауына байланысты болған.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына ең жоғары бәсекелестік Астана мен Алматы қаласында тіркелген. Елордада орынға 41-42 кандидаттан, Ал Алматыда 1 орынға 34-37 үміткер үмітті. Сайлаушылардың ең көбі Түркістан облысында, ал ең азы Ұлытау облысында тіркелген.

17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды
11 сәуiр, 15:25
Түркістан полициясы жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді