jasqazaq.kz

Еркебұлан Сейдахмет «Уфадағы» жаттығуын бастады

17 қантар 2018, 16:34

17 жастағы қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» командасындағы жаттығуын бастады. Бүгін жас талантты ойыншы жанкүйерлеріне видеожолдау жасап, алғашқы жаттығу жиынын көруге шақырды.

— Сәлем Уфа! Бүгін болған жаттығулардың топтамасын көріңіздер! Өте қызықты болады!, — деді Еркебұлан.
«Уфа» футбол клубының Кипрдегі оқу-жаттығу жиыны 12 күнге созылады. Осы уақыт аралығында Кипрдің «Алка» және Польшаның «Висла» командаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Еркебұлан 23 ақпан күні 18 жасқа толады. Одан кейін қазақстандық жас таланттың ресейлік командамен келісімшарт жасауына болады.

Айта кетейік, Ресей премьер-лигасының ХХ тур ойындарынан кейін башқұртстандық команда 27 ұпаймен 6-орында келеді. Команданы танымал футболшы болған Сергей Семак жаттықтырады. Ал Ресей біріншілігі наурыз айында жалғасады.

Еркебұлан Сейдахмет өткен жылы қыста Санкт-Петербургтегі «Гранаткин мемориалы» халықаралық турнирінде ерекше көзге түсті. Қазақстан жастар құрамасының үздігі атанып, финалға дейін жетуіне зор септігін тигізді. Жарыстан кейін «Зениттің» жастар құрамында болып, ФИФА ережесі салдарынан келісімшартқа қол қойған жоқ.

2017 жылдың наурыз айында Еркебұлан «Зениттің» жастар құрамымен Италиядағы «Viareggio Cup» халықаралық турниріне қатысты. АҚШ-тың «Атланта Юнайтед» клубына қарсы ойында 35 минут ішінде покер жасады.

vesti.kz

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан