jasqazaq.kz

Еркебұлан Сейдахмет әлемдегі ең талантты жас ойыншылар кітабына енді

28 наурыз 2018, 12:33

Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет әлемдегі ең талантты және болашағы зор футболистер туралы кітап кейіпкерлерінің бірі болды. 

Кітапқа Килиан Мбаппе (Пари Сен-Жермен), Матео Ковачевич («Реал»), Антони Марсьяль («Манчестер Юнайтед»), Джанлуиджи Доннарума («Милан»), Юлиан Вайгль мен Кристиан Пулишич (екеуі де дортмундық «Боруссияда» ойнайды), Александр Головин (мәскеулік ЦСКА), Александр Арнольд («Ливерпуль») және басқа да танымал ойыншылар кірген.

18 жасар Сейдахмет ақпан айында «Уфамен» ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Ол алғаш рет ресми матчта ресейлік клуб атынан «Анжиге» қарсы ойынға қатысты.

Ал Қазақстан құрамында алғаш рет наурыз айында ойнады. Ол Венгрия (3:2) мен Болгарияға (1:2) қарсы ойында негізгі құрамда ойнады. Венгрлермен ойнаған кезде Сейдахмет өз командасының үшінші голын соғып, құрама тарихында ең жас гол соғушы болды.

Дереккөз: vesti.kz

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті