jasqazaq.kz

Ерке Есмаханның жаңа клипі сынға ұшырады

15 мамыр 2018, 10:19


Осыдан бірнеше күн бұрын көпшілікке жол тартқан Ерке Есмаханның жаңа клипі сынға ұшырады. «Аэропорт» деп аталатын әнге түсірген бейнебаян көпшіліктің көңілінен шықпаған.

Nur.kz хабарлағандай, жарыққа шыққанына үш күн болған бейнебаянды оқырмандар қызу талқылады. «Өлең емес, сөздерін тыңдап отырдым», «Аэропорт қайда?», «Өлең мен бейнебаян бір-біріне сәйкес келмейді». «Жігіттерге дегенін істететін қыздарға арналған клип пе? Бұл дұрыс үлгі емес», — деп жазған тыңдарман қауым клиптің сюжеті түсніксіз екенін алға тартқан.
«Осы қай бейнебаянды қарап қалсам, екі жас ұрысып жатады. Жастарға осы тақырып қызық па деймін», «Маған ұнамады, нашар», «Егер әншінің өзі әдемі болмаса, бейнебаянында әдемі адамдарды ойнатады», «Қожанасырдың шапаны секілді. Не басы, не аяғы жоқ клип», — дейді пікір қалдырушылардың басым бөлігі.
«Ерке, ренжімеңіз. Бірақ, сын қабылдап үйренгеніңіз дұрыс. Соңғы кезде өзіңізге көп аласыз. Елге жүрдім-бардым дүниені көрсетуге ұялу керек. Актерлік шеберлік жоқ», — деген сынды пікірлер де көзге көрініп тұр.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен