jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Әншілер отырса опақ, тұрса сопақ!

15 мамыр 2018, 12:33

Ерке Есмаханның “Аэропорт” бейнебаяны бірнеше күннің ішінде желідегі “танымал” видеолардың қатарына енді. Талғамы биік тыңдарман әдеттегідей жаңаша стильдегі тың туындыға қатысты әртүрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың арасында Есмаханды сынап, тіпті сыбап алғандар да бар. Бұл орайда Ерке еңбегін еш еткендерге ренішін білдірді.


“Түсінбей кетем кейде… Тыңдарманның талғамы Алматының ауа райындай мың құбылады. Отандық әншілер тыңдармандар үшін ән іздейді, сапалы етіп жаздыруға тырысады, еңбек етеді. Отандық шоу-бизнесте қандай да бір бейнебаян, ән шықса, сынның астында қалып жатады!

Мысал ретінде өзімнің бейнебаян мен әндерімді алып қарасам: “Қайда” шыққан кезде “бала-шағаның әні”, “тым жеңіл ән”, “серьезный ән жоқпа?”, “ешкім тыңдамайды” т.б. осы сияқты пікірлер жауды. “Kz жігіттен” соң “әрлі-берлі не жүріс?!”, “қайта-қайта киім ауыстырып”, «хит болмайды» деді. Енді “Аэропорт” “неге ұрысып?!”, “кекілі нес?!”, “жүре береді” деген пікірлердің астында қалып жатыр. Өмір енді жүріс тұрыстан құралған ғой!” – дейді Ерке (автордың орфографиясы мен пунтктуациясы сақталған).

Әнші не істесе де, елдің көңілінен шыға алмаған әріптестері үшін де өкініш білдірді.

“Сонда қалай түсірейік клипті? Қандай ән жаздырайық? Әнші xалық үшін ән шығарады. Ол осындай орынсыз сынның астында қалса, не істеуіміз керек сонда?! Әр қазақ бірін-бірі бауыр дейді. Неліктен әншілер отырса опақ, тұрса сопақ?! Әншілердің әндері тек ұрланған деп жала жабасыздар! Тек мен емес саxналық әріптестерім үшін де жаным ашиды! Ештеме жасамайық онда! Теледидардан түрік пен үнді сериалдарын және әркімнің жеке өмірін талқылайтын бағдарламаларды көріп отыра беріңіздер!” – деп түйіндеді сөзін Ерке.

 

stan.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен