jasqazaq.kz

Ер адам өз үйінде жанып кетті

05 ақпан 2018, 11:56

Жарма ауданында тұтанған өрт салдарынан 1954 жылғы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт кеше түнде шыққан.

Салдарынан Қалбатау ауылының Ақтамберді жырау көшесіндегі жер үйден ер адамның күйік шалған мүрдесі табылған. «Төтенше оқиға туралы марқұмның көршілері хабарлаған. Өрт сөндірушілер жеткенде үйдің екі бөлмесі түгелдей жанып кетті. Асханадан газ баллонын байқаған төтеншеліктер жарылыстың алдын алып, оны қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Оқиға орнынан ер адамның күйік шалған мүрдесін табылды», — делінген департамент таратқан хабарламада. Қызыл жалын 35 шаршы метр аумақты қамтыған. Қайғылы оқиғаға үй иесінің мас күйде шылым шеуі түрткі болуы мүмкін деген болжам бар. Өрт сөндіруге 15 адам мен 3 арнайы техника қатысқан.

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады