jasqazaq.kz

Ер адам қарындасын екі жыл бойы зорлап келген

09 сәуiр 2018, 11:31


Ақтөбе облысының арнайы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол 14 жастағы қыз баланы зорлады деп айыпталған болатын. Жабық түрде өткен сот отырысында судья оны кінәлі деп тапқан.
Ақтөбе облысында қарындасын екі жыл бойы зорлаған ер адам сотталды. Ақтөбе облысының арнайы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол 14 жастағы қыз баланы зорлады деп айыпталған болатын. Жабық түрде өткен сот отырысында судья оны кінәлі деп тапқан деп хабарлайды Timeskz.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
14 жастағы қыз қылмыскер әйелінің сіңлісі болып келеді. Екі отбасы да Ақтөбе облысына қарасты Мартық ауданындағы елді мекенде бір шаңырақ астында тұрған.
Зардап шеккен жасөспірім анасының айтуынша, ер адам кішкентай қызды жыныстық қатынасқа бірнеше рет мәжбүрлеген. Ол кішкентай қызды «келіспесең, таңертен оянбай қалуың мүмкін» деп қорқытқан. Сол себепті қыз бала туғандарына айтуыға қорқып қалған көрінеді.
Сот үкімі кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адамға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оған қоса ол, жасөспірім өкілдеріне 1 милллион теңге көлемінде моральдық өтемақы мен 150 мың теңге материалдық шығын төлеуге міндеттеледі.
Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол істі аппеляцияға беретінін мәлімдеді.Сонымен қатар, сот облыстық білім басқармасына да жеке қаулы шығарған. Тергеу барысында тоғызыншы сынып журналында қыз бала мектепке бармаған күндерінде оның жоқ екені жазылмаған болып шықты. Ол аздай, сабаққа келмеген күндерінде оған тіпті бағалар қойылған.
Сот облыстық білім басқармасына орын алған қателіктерді болашақта жібермеуін талап етті. Сондай-ақ бұл мәселеге байланысты атқарылған жұмыс барысын бір ай көлемінде сот мекемесіне хабарлау керек.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды