Душанбеде жас келін 84 жастағы енесімен төбелесемін деп соттан бір-ақ шықты. Екі тарап та бір-бірінің үстінен сотқа арыз түсірген. Бұл туралы NUR.KZ порталы sputnik-tj.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
29 мамыр күні жанжалдасқан енесі мен келіні бір-біріне жұдырық сілтеуге дейін барады.
Екеуі де зардап шеккендерін алға тартып, милицияға жүгініпті. Әзірге жанжалдың орын алуына кімнің кінәлі екені және оның неден туындағаны анықталу үстінде.
Енесі келінімен бұл жайттан кейін сол беті татуласпай, сотта оның жазаға тартылуын талап етіп отыр.