jasqazaq.kz

Елордалық полицейлерге қонақ үй не үшін қажет?

15 мамыр 2018, 15:01

Астаналық ішкі істер департаментіне үш ғимарат керек. Сол үшін Ramada Plaza қонақ үйіне көшірілмек. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан соң  ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.   

Министр «Бұл мәселе қазір талқылану үстінде. Нақты шешім қабылданған жоқ. Бірнеше ұсыныс бар. Қонақ үйге қатысты айтар болсам, ол нысан бұдан бұрын саудаға шығарылған болатын. Бірақ ешкім сатып алмады. Ал ішкі істер департаментіне үш ғимарат керек.  Сол үшін барлығын бір  жерге біріктіру үшін осы қонақ үйді алу жағы қарастырылуда», — деді.

Айта кетейік, бұдан бұрын  Елбасы Астанадағы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін елордалық ІІД-не үлкенірек ғимарат қажеттігін айтқан болатын. Артынша, ақпарат құралдарында бас қаладағы ішкі істер департаментінің Ramada Plaza қонақ үйіне көшетіні туралы мәлімет шықты.

 

 

 

 

 

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен