jasqazaq.kz

Елордада ШЫҰ форумы өтіп жатыр

04 мамыр 2018, 11:20

Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымы форумының ХІІІ отырысы өз жұмысын бастады.

Отырысты ашқан ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаевтың атап өтуінше, маусымда өтетін ШЫҰ Мемлекет басшыларының саммиті әлемдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі және әлемдік экономикадағы қарама-қайшы жағымсыз үрдістердің аясында өтетін болады. «Біз қазіргі кездегі қатаң санкциялық соғыстардың және геосаяси қарсылықтың тереңдеуінің куәсі болып отырмыз. Бұл, әрине, әлемдегі стратегиялық тұрақтылық пен қауіпсіздік саласындағы жағдайды одан ары дамытуда белгісіздік факторын күрт арттыратындығы сөзсіз. Осындай жағдайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әлемдік тәртіптің әділ және жан-жақты орталық моделін қалыптастыру бойынша жалпы көзқарастары әрдайым өзекті мәселе болып табылады», — деді институт директоры. Е.Салтыбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы әлем мойындаған және көпжақты беделді ұйым ретінде қалыптасқанын атап өтті. Сонымен қатар өткен жылғы Астана саммитінде ұйымға Үндістан мен Пәкістанның толыққанды мүше болып кіргенін еске салды. «Біздің ойымызша, ШЫҰ-ның алғаш рет кеңейтілу үрдісі ұйым арасындағы ынтымақтастықты тереңдету әрі ұйымның әлеуетін арттыру үшін өте мықты серпін береді деп сенемін», — деді ол. Форум жұмысына Қытай, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Иран, Ауғанстан, Беларусь және Орталық Азия мемлекеттерінен келген делегаттар қатысуда.

ҚазАқпарат

Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған