jasqazaq.kz

Елімізде менингиттен 12 адам көз жұмды

04 маусым 2018, 12:01

Қазақстанда 12 адам менингиттен қайтыс болды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмаған балалар. Бұл туралы бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Жыл басынан бері 58 адам менингитпен тіркелді, оның арасында 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар. Жыл басынан бері 12 адам аталған аурудан көз жұмды, олардың ішінде бесеуі – 14 жасқа дейінгі балалар», — деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Біртанов әр жылдары менингитпен ауырған және қайтыс болғандар санына тоқталды.

«2013-2014 жылдары 119 адам менингит жұқтырса, 2015 жылы – 424, 2016 —160, 2017 жылы – 62 адам ауырған. 2014 жылы 18 адам қайтыс болса, 2016 жылы – 7, 2017 – 11, биыл 12 адам ауырып көз жұмды», — деді ведомство басшысы.

Айтуынша, ең бірінші науқас 30 сәуір күні тіркелген.

«Өткен аптада менің бұйрығыммен республикалық штаб құрылды. Оған денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой жетекшілік етеді», —деді Біртанов.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді