jasqazaq.kz

Елімізде көлік 12 пайызға арзандауы мүмкін

26 қантар 2018, 15:22

ҚР инвестициялар және даму министрлігі «Cату кезінде қосымша құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларының тізімін бекіту туралы» бұйрық дайындап жатыр. Құжатқа ақпан айында қол қойылып, жарияланбақ, деп хабарлайды Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Бұйрыққа сәйкес, қазақстандық кәсіпорындардың бөлшектерінен жасалған жеңіл автокөліктер, жүк көліктері, тракторлар мен арнайы техникалар қосымша құн салығынан босатылады. Яғни шеттен әкелінетін бөлшектерден көлік құрастыратын және ҚР инвестициялар және даму министрлігінен қолдау алған жергілікті зауыттардың өнімдеріне салық салынбайды. Сәйкесінше Қазақстанда құрастырылатын көліктер 12 пайызға арзандауы мүмкін.
Осы орайда «ҚҚС жойылғаннан кейін автосалондарда баға арзандайды ма?» деген заңды сауал туындайды. Кәсіпкерлер әзірге толыққанды жауап бере алмай отыр (олардың арасынан БИПЭК АВТО ғана жауап берді). Олардың айтуынша, бұл мәселеге қатысты соңғы шешім әлі қабылданбаған, бірақ құжат күшіне енгеннен кейін мәселенің түйіні тарқатылмақ.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті