jasqazaq.kz

Елімізде қанша адам баспанаға мұқтаж?

24 мамыр 2018, 13:26

Қазақстанда жергілікті атқарушы органдарда баспанаға мұқтаж ретінде тіркелендер саны 500 мың адамға жуықтайды. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы» тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев вице-министрден Қазақстанда қанша адам тұрғын үйге мұқтаж екендігін сұраған болатын. «Баспанаға мұқтаж әр адамға дейін нақты білеміз. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні 465 091 адам пәтер кезегінде тұр. Мәселен, Ақмола облысында 21 681, Ақтөбе облысында 27 796 адам бар. Оның ішінде мүгедектігі немесе әлеуметтік жағдайының төмендігі бойынша тіркелгендер туралы да нақты мәлімет қолымызда», — деп жауап берді вице-министр. Дегенмен, оның айтуынша, баспанаға мұқтаж ретінде тізімде тұрған адамдарға қатысты мәселелер де бар. Олардың кейбірінде, нақты айтқанда 35 094 адамның ЖСН 2-3 рет тіркелген. Бұған қоса, 96 581 адам пәтер алып үлгерген. «Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының саны — 1 млн 96 мың адам. Олар да кезекте тұрған соң пәтерге мұқтаждар қатарына жатқызып отырмыз. Мұнан бөлек, 1 миллионнан астам адам жер учаскесін талап етуде. Оларды да есепке алдық. Сонда 2,5 млн адам пәтерге мұқтаж болып шығады. Ал оларды қалай баспанамен қамтамасыз етеміз дегенге келсек, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 15 жыл ішінде 1,5 млн пәтер саламыз деген жоспарымыз бар», — деді Қайырбек Өскенбаев.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен