Елімізде алдағы үш тәулікте күн суық болады

10 ақпан 2016, 16:27

Қазақстанда 11-13 ақпан аралығында күн суық болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» кәсіпорнына сілтеме жасап.

«Таймыр аудандарынан солтүстік ағындармен келіп түсетін суық ауа Қазақстанда күннің сууына әкеп соқты. Ауа температурасы қазір осы кезеңге сәйкес нормаға жақын. Алдағы үш тәулікте антициклонмен байланысты нағыз қысқы ауа райы республиканың көптеген облысында сақталады», — деді синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, антициклонның бұзылуына және Шығыс Сібірге жылжу шамасына қарай аяз әлсірей бастайды, температура біртіндеп көтеріліп, оңтүстікте және батыста күндіз жылымық болады.

Tengrinews.kz

21 қантар, 13:57
Кредитті жылдам жабудың тәсілдері қандай?
16 қантар, 12:30
Жастар жұмыссыздығының себебі неде?
10 қантар, 15:56
Аңдамай сөйлесең, ауырмай ақша төлейсің
05 қантар, 14:12
Жасанды интеллект болашағымызға қауіп пе, әлде жаңа мүмкіндіктер алаңы ма?
03 қантар, 21:15
Боранды күні жолға шығатындар басқаларды да ойлауы керек
26 желтоқсан 2024, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан 2024, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан 2024, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан 2024, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді