jasqazaq.kz

Жасанды интеллект болашағымызға қауіп пе, әлде жаңа мүмкіндіктер алаңы ма?

05 қантар 2025, 14:12

Жасанды интеллект құралдары, әсіресе ChatGPT, қоғамда пікірталас тудырып отыр. Үкімет үйі енді жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін жоғары бағалап қана қоймай, жұмыс жасауға қолданамыз деп бекініп отырса, Мәжіліс депутаты Маггеррам Магеррамов оның болашаққа деген қауіптері бар екенін алға тартқан еді. Jas Qazaq жасанды интеллект саласының маманы Мадина Есімханқызынан осы бір өзекті тақырыпта пікірін сұрады.

Мадина Есімханқызының айтуынша, ChatGPT сынды үлкен тілдік модельдер (LLM) көптеген салаларда көмектесіп, студенттерге, оқытушыларға, кәсіпкерлерге және ғалымдарға бірдей пайдалы бола алады. Алайда, мұндай технологиялардың кемшіліктері де бар.
«ChatGPT – кем дегенде он триллион таңбаға дейін үйретілген терең нейрондық желі. Оның білім қоры тарих, әдебиет, математика және медицина сияқты түрлі салаларды қамтиды. Бұл құралды студенттер кеңесші ретінде пайдаланса, уақыттарын үнемдейді. Алайда, LLM-дердің шектеулері де жоқ емес. Олар күрделі логикалық пайымдауларды орындай алмайды және кейде жалған ақпарат таратады. Сондықтан студенттер бұл құралды қолданғанда сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіруі керек,» – дейді Мадина Есімханқызы.

Қазірде фотоны бейнеге айналдыратын құралдар бүгінде TikTok сияқты платформаларда танымал болып жатыр. Мұндай технологиялар адамдарға жақындарын еске алуға немесе креативті жобалар жасауға мүмкіндік береді. Бірақ жалған медианың таралу қаупі де бар екенін маман жеткізді. Сондықтан қоғам ақпаратты қабылдауда аса сақ болуы тиіс.

Билл Гейтстің айтуынша, жасанды интеллект ұялы телефондар мен интернет секілді төңкеріс жасайды. Мадина Есімханқызы Қазақстанда ЖИ саласында отандық өнімдерді дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

«Егер біз орта деңгейлі LLM-модельдерін жасап шығарсақ, бұл ұлттық сұраныстың кем дегенде 90%-ын қанағаттандыра алады. Мұндай модельдер қоғамдық секторда, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы және басқа да салаларда қолданылып, ел экономикасына елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, шетелдік модельдерден тәуелсіз болу құпия ақпараттарды қорғауға мүмкіндік береді,» – дейді маман.
Жасанды интеллекттің әлеуеті зор, бірақ оны дұрыс пайдалану мен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту қоғамның негізгі міндеті болуы тиіс. Еліміз бұл саланың қауіптерін азайтып, мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ұмтылуы қажет көрінеді.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
Бүгін, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
Бүгін, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
Бүгін, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт
21 сәуiр, 15:08
Туркестан: Мощность завода по производству холодильников достигнет 50 тысяч единиц в год