jasqazaq.kz

Елімізде 41 су бөгеті сыр беріп тұр

01 наурыз 2018, 19:59

Тез арада жөнделмесе, тоспалар қирап, топан су маңайындағы ауылдардың бәрін астаң-кестеңін шығармақ. Телегей су Астананың әуежайы да алып кетуі мүмкін. Олқылықтың алдын алуы тиіс ауыл шаруашылығы министрлігі болса, үкіметтен ақша сұрап алақан жайып отыр. Ал алдағы демалыста еліміздің төрт облысында жаңбыр мен қар аралас жауын күтілуде. Бұл онсызда қиын жағдайды ушықтырары анық.

Назарбаев атындағы әуежайдың тағдыры қыл үстінде. Күніне орта есеппен 200-ге тарта әуе кемесі ұшып-қонып, 12 мың жолаушы ағылып жатқан халықаралық әуежайға Есіл өзені қатер төндіріп тұр. Көктемде Вячеслав су қоймасы тасып кетсе, ерке Есіл тулап шыға келетін түрі бар. Ол кезде әуежайдың дәл түбінде жатқан Майбалық көлі де мінез көрсетпек. Беті тегіс, жылмиып жатқанымен, әуежайға келетін қауіптің көкесі осыдан келмек. Одан құтылу үшін су ағызу арнасын салу керек. Ішкі істер министрінің орынбасарыЮрий Ильин «Су жіберу арнасының құрылысын салу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі сметалық құжаттамасын әзірлеп жатыр. Ол жыл соңына қарай, немесе келесі жылы дайын болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Майбалық көлінен су басу қатері сақталып отыр» дейді.
Ол аз дегендей, наурыздың 3-4-і күндері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары аумағында жаңбыр аралас қар жауды деген «Қазгидрометтің» болжамы бар. Онсыз да жауын суымен арпалысып жатқан Алматы, Жамбыл облыстары талай тауқымет күтіп тұр. Ал жауапты шенеунік бұндай жағдайда құтқарушыларға сенім артудың орнына үйлерін сақтандырып қоюға кеңес береді. Ішкі істер министрінің орынбасары «Әркім өз мүлкін сақтандыру керек. Кез келген табиғи апаттан зардап шеккен кезде, сақтандыру компаниясынан да, мемлекет тарапынан да материалдық шығынның орнын толтыру оңай болады» деп кеңес береді.
Тек Астананың әуежайы ғана емес, сонымен бірге, елімізде 41 су бөгеті сыр беріп тұр. Қазіргі уақытта соның тек 15-і ғана жөнделіп жатыр екен. Қалған 26-сы да кезек күтпей жөнделуі тиіс. Бірақ, ақша керек.
Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің басқарма басшысы Мұрат Бейсеновтың айтуынша, биылға бөлінген қаржы көлемі 9 миллиард теңгеге жуық. Нақтылап айтқанда 8 миллиард 700 мииллион теңге. Министрлік қосымша 12 миллиардтай сұрап отыр. Осы қаражат дер кезінде, уақытылы бөлініп тұрған жағдайда, 2020 жылға дейін барлық апатты су қоймаларын қалпына келтірмек. Ал облыс әкімдері жуырда ғана үкімет отырысында көктемгі тасқынға дайынбыз деп жаттанды уәдесін берген еді. Алайда, биылғы көктем олардың өтірігін тағы шығарып берді. Бірақ, шенеуніктердің қай жағдайға да жауабы дайын. Кабинетте отырып, олқылықтың алдын ала алмаған ақ жағалылар апаттың бәрін күтпеген жағдай деп табиғатқа жауып жатыр.

ktk.kz

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді