Электронды форматқа көшіріледі

14 маусым 2018, 17:35

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында шағын және орта бизнесті дамытуды (ШОБ) цифрландыру мәселесі қаралды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын орындау барысы туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасады.
Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажеттігін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретінін атап көрсеткен болатын.
Т.Сүлейменовтың айтуынша, egov.kz порталында бизнеске және халыққа ұсынылатын 746 мемлекеттік қызметтің 452-сі автоматтандырылған. Онда 6,8 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген. Олар 190 млн-нан астам қызмет алып отыр. 3,3 млн-нан астам қолданушы мобильдік қосымшаны қолданады. Оларға 10 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Ол «Осылайша, біз барлық мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде операциялық қызметтерді, сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларын баламасыз негізде электронды форматқа шығаруды көздеп отырмыз», — деп түсіндірді.
Бұдан өзге, бизнес үшін ашық цифрлық платформаны құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Онда басқарушылық шешімдерді қабылдауды жеңілдету және ішкі процесті автоматтандыру үшін қажетті сервисті орналастыру жоспарланған. Сондай-ақ министр болжамға сәйкес, 2022 жылға қарай 100-ден астам АТ-компания сервистерін платформада жариялайтынын, оның ішінде 10 сервис оған орналастырылғанын айтты. Бұл орайда платформа қолданушыларының саны 150 мың субъектіден аспайды.
ШОБ цифрландырудың келесі маңызды факторы ретінде Тимур Сүлейменов ШОБ мемлекеттік қолдау шаралары бойынша «Бір терезе» порталын құруды атап өтті. Аталған жұмыс аясында ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму министрліктері оңтайландырылуы және автоматтандырылуы тиіс 52 қолдау құралынан тұратын тізімді жасады.
Қазіргі кезде 15 мемлекеттік қолдау шарасы толық автоматтандырылды.
Жүйе негізсіз тексеру санын азайтуға, адал кәсіпкерлердің жұмысына араласуды қысқартуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) басқарма төрағасының орынбасары Елдар Жұмағазиев цифрландырудың мүмкіндіктерін жаппай пайдалануды қамтамасыз ету үшін қала мен аудан орталықтарында құрылған кәсіпкерлерге қызмет көрсететін барлық орталықтардың жұмысын цифрландыру ұсынылатынын айтты.
Ауылдық жерлерде қызметін жүргізетін кәсіпкерлердің құзыреттілігін көтеру үшін биылдан бастап цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған оқыту бағдарламасы іске қосылады. Жыл сайын оған 15 мыңнан астам кәсіпкер тартылады. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама бойынша 7 мыңнан астам адам оқытылды.
Е.Жұмағазиевтың айтуынша, автоматтандыру бизнеске қаржылық емес қолдау көрсетуге бөлінетін бюджетті қысқартуға, қамту бөлігін ұлғайтуға, құжат айналымын төмендетуге, кеңесшілер санын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл бизнес шығындарын 2022 жылға қарай 8,4 млрд теңгеге қысқартады», — деді.

Мақпал Ноғайбаева

 

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады