Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады.
Tengrinews.kz хабарлағандай, видеоны Президенттің YouTube хостингіндегі баспасөз қызметі жариялады. Мемлекет басшысының республикалық «Challenge Другой ты!» спорттық бастамасын қолдап, осы акция қатысушыларына арнап видеоүндеу жасағаны айтылады. Бұл бастаманың мақсаты — еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дәріптеу. Акция аясында қазақстандықтарды физикалық жаттығулар жасап, спортпен айналысуға ынталандыратын отандық белгілі спорт өкілдерінің, мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығу өткізу жоспарланған.