jasqazaq.kz

Елбасы лифтілер жұмысын тәртіпке келтіруді тапсырды

05 сәуiр 2018, 18:01

Астана қаласын одан әрі дамытуға қатысты өтіп жатқан жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев лифтілердің жұмысы бойынша тұрғындардың шағымдарын жария етті.

Мемлекет басшысы лифтілердің жағдайы көңіл көншітпейтінін атап өтті. Соңғы кезде Астанада лифтілерге қатысты төрт оқиға болған. «Жалпы, бұл мәселе барша Қазақстанға қатысты (…) Адамдар лифтілерді күнделікті үздіксіз пайдаланады. Осы салада тәртіп болуы керек. Бұл тұрғыда оларды күтіп ұстау мен уақтылы тексеру үшін тәртіпке келтіру қажет. Лифтінің тексерілгені туралы, сондай-ақ ешбір үрейсіз оны пайдалануға болатындығы жайында тиісті қадағалау жүзеге асырылған жөн», — деді Мемлекет басшысы Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңес барысында. Елорда әкім Әсет Исекешевтің сөзіне қарағанда, лифтілермен айналысатын 50 компанияның арасында тек 10-ы ғана талаптарға сай болып отыр. Қазіргі уақытта жағдайды реттеуге қатысты ұсыныстар енгізіліп жатыр. Осы орайда, қызмет көрсету бойынша компанияларда білікті мамандардың жеткілікті болуына назар аударылады.

ҚазАқпарат

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды