Кеңейтілген үкімет отырысында Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаевтың баяндамасын тыңдаған елбасы облыс басшысының қазақша сөйлемегеніне шүйлікті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.
Баяндаманы орыс тілінде бастаған Қырымбек Көшербаев, елбасынан ескерту алды.
«Қазақы өңірден келсең де, баяндаманы қазақша бастамайсың иə?», — деген президентке өңір басшысы «терминдерге орыс тілі ыңғайлы болады» деп ақталды.
Мемлекет басшысы «ал, жарайды онда, баста», — деп баяндамасын оқуға рұқсат берді.
Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан үкімет отырысында былтырғы жылдың даму көрсеткіштері қорытындыланып, 2018 жылға арналған жоспарлар талқыланады.