jasqazaq.kz

Елбасы: Ғасыр ортасында мегаполистердің дәуірі туады

17 мамыр 2018, 11:55

Ғасыр ортасында мегаполистердің дәуірі туады. Бұл туралы бүгін Global Challenges Summit 2018 форумының жалпы отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауынша, ғасыр ортасында қалаларда тұратын халықтың саны 7 млрд адамға жететін болады. Бұған қоса, ірі агломерацияларға халықтың гипершоғырлануы орын алады. Мегаполистер дәуірі туады және олардың арасында бәсекелестік болады. Инвестиция, үздік ақыл-ой, технолиялар үшін күрес жүріп, оларға барлық жағдай жасалады. Экономика үшін идея мен білім маңызды», — деді Қазақстан Президент . Елбасы осы ретте Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыра бастағанын атап өтті. «Егер бізде, бұрынырақта миллион тұрғыны бар бір ғана қала — Алматы болса, ендігі уақытта Астана, Шымкент қалалары қосылды. Яғни үш қала болды. Бұл процесс жалғаса беретін болады. Сондықтан да елордамыздың 20 жылдығын мерекелеу аясында 5 шілде күні Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің ірі қалаларының форумын өткізу тосыннан қолға алынып отырған жоқ», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен