jasqazaq.kz

Елбасы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөйлейді

18 қантар 2018, 11:47

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні, 18 қаңтарда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары деңгейдегі брифингінде сөз сөйлейді. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болатын Қауіпсіздік Кеңесі мәжілісінің тақырыбы «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» деген тақырыппен өтетінін айтқан. Қазақстан төраға ретінде аталған шараның тұжырымдамасын ұсынды және оны ҚК-нің барлық мүшелері қолдады.

Құжатта «Манифест «Бейбітшілік. XXI ғасыр» және 2017 жылдың 6 қаңтарындағы «Қазақстанның қауіпсіз әділ, дамыған әлем үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі тұжырымды көзқарасы» атты екі құжат негізге алынған. «Мұндағы мақсат жаппай қырып-жою қаруымен байланысты өңірлік шиеленістердің саяси шешімін табу болып табылады. Бұл ретте таратпау шаралары өзге де сенім шараларымен қатар жүргізілуі керек»,-деді министр. Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы басшысының айтуынша, дебат барысында қырып-жою қаруын таратпаудың маңызды мәселелері сөз болады. Бұл ретте аталған мәселелер сенім шараларын нығайту жұмыстары аясында қарастырылмақ. Министрдің сөзінше, Қазақстан «шиеленістердің алдын алу», «таратпау», «сенім шаралары» сияқты бағыттардың өзара үйлесімділігі аясында ақыл-кеңестер қалыптастыруға мүмкіндік беретініне үміт артады. Сондай-ақ шара таратпау бағытында сенім шараларын нығайту үшін халықаралық келісімдерді әмбебеп етуге ықпал етеді деген сенім бар. Министрдің сөзінше, әңгіме ядролық қаруды таратпау келісіміне, ядролық қару сынақтарына жаппай тыйым салу, Биологиялық және у тарататын қаруларғы тыйым салатын конвенция, Химиялық және өзге де қаруларға тыйым салатын конвенцияға қатысты болып отыр.

 

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан