Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылып, жарық көрген алғашқы 18 оқулықтың тұсаукесерінде отандық ғалымдар да осындай еңбектер жазатынына сенетінін айтты.
«Осы оқулықтар арқылы біздің ғалымдарымыз да қуат, серпін алып түбінде өзіміздің, Қазақстан ғалымдары да негізгі тілімізде қазақшалап тұрып жазады деп ойлаймын. Осылар шығарды ғой, мінекей. Жас ғалымдарымызға рух беріп, ізденіс жолына салып, өзімізде осындай оқулықтарды, осындай еңбектерді шығаруға болады деп мен сенемін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске сала кетейік, бүгін салтанатты шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылып, жарық көрген алғашқы 18 оқулықтың тұсауы кесілді.