jasqazaq.kz

Елбасы Бишімбаев туралы: «Болашақпен» оқытып, үміт арттық

09 ақпан 2018, 15:18

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кезде лауазым иелері тергеліп жатқан қылмыстық істерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тек соңғы екі жылда қылмыстық жауапкершілікке 2 200 лауазым иелері тартылған. Олардың арасында министрлер, барлық деңгейдегі әкімдер, ведомство басшылары бар. Қазіргі кезде сотта Ұлттық экономика министрлігінің экс-басшысына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Шынын айтсам, Қуандық Бишімбаевқа аянышпен қараймын. Оны «Болашақпен» оқытып, үміт арттық. Әрине, өкінішті. Білікті маманды даярлауға қыруар уақытты, қаржыны жұмсаймыз»,- деді Елбасы. Сонымен қатар Президент Инвестициялар және даму министрлігі Геология комитетінің төрағасына, Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын еске салып өтті «Фармацияның республикалық құрылымы осы жылдар бойы фармацевтикалық кәсіпорындардың құрылысына жол бермей келген», -деді Н. Назарбаев.

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады