jasqazaq.kz

Елбасы: Астанадағы студенттер лашықтарда тұрып жатыр

01 маусым 2018, 14:48

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық мемлекеттік органдардың басшыларын бес әлеуметтік бастаманы орындауға айрықша мән беруге шақырды.

Бұл ретте студенттер үшін 75 мың орынға арналған жатақхана нысандарын салу бағытына ерекше екпін қойылды. Мемлекет басшысы елордаға білім алуға келген студенттер тап болатын жағдайға тоқталды. «Неге менде осындай идея пайда болды? Қаланы аралау кезінде Астана студенттері базардағы лашықтарда тұрып жатқанын көрдім, яғни тек түнеп шығу үшін осындай жерлерге барады. Ондай жерлерде сабақ оқуға немесе жуынуға ешбір жағдай жасалмаған. Сәйкесінше, ол қандай білім алады? Мұндай жағдай осында ғана емес, сонымен қатар өзге жерлерде болуы мүмкін. Атап айтқанда, елордада ата-анасымен бірге тұратын студенттер бар, сонымен қатар өзге өңірлерден білім алу үшін қалаға келетіндер де аз емес. Сондықтан да білім алу үшін қолайлы жағдайларға қол жеткізу — біздің жастар үшін үлкен игілік», — деді Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында. Сонымен қатар Президент жазғы кезде студенттердің өздерін құрылысқа тарту керектігін ұсынды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, жатақханаларда 2019 жылы 5 мың орын, 2020 жылы 15 мың жаңа орын пайдалануға беріледі.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді