jasqazaq.kz

Екібастұзда еден жуушы әйел 1,5 миллион теңге ұрлап кеткен

25 мамыр 2018, 9:56

Павлодар облысында еден жуушы әйел менеджердің бөлмесіндегі бейнебақылау камерасын шүберекпен жауып, сейфтен үлкен сомада ақша ұрлап кеткені үшін сотталды.
Stan.kz хабарлағандай, Екібастұзда еден жуушы әйел бейнебақылау камерасын шүберекпен жауып 1,5 миллион теңге ұрлап кеткен. «Сотталушы 2018 жылдың 7 қаңтарында сағат 12.00-де ЖШС ғимаратында сейф орналасқан менеджердің бөлмесінде тазалық жүргізіп жатқан. Сол сәтте ол сейфте тұрған ақшаны ұрламақшы болып, арам ойға көшкен. Содан сағат 12:50 шамасында ғимаратта ешкімнің жоғын пайдаланған әйел бөлмедегі бейнебақылау камерасын шүберекпен жауып, үстелдегі жылжымалы сөреден сейфтің қосымша кілтті алып, ондағы ЖШС тиесілі 1 500 000 теңгені ұрлап кеткен. Содан кейін, ұрланған ақшамен қылмыс орнынан ізін суытқан»,- деп хабарлады Павлодар облысының соты.

Сот еден жуушы әйелді үлкен мөлшерде қаражат ұрлағаны үшін кінәлі деп танып, оны шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оған қатысты үш жыл мерзімге пробациялық бақылау тағайындалды. Яғни, ол үш жыл бойы тәртібін қадағалайтын мемлекеттік органды хабардар етпестен тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгерте алмайды.

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен